Қазақстанда ұн мен нан неге қымбат?

1 915

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанда ұн бағасының не себепті қымбаттап кеткендігін түсіндіре алмады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сенатттың жалпы отырысынан соң министр орынбасары Қайрат Төребаев журналистердің сұрағына жауап берді.  БАҚ өкілінің Өзбекстан мен Қазақстанда ұн  мен нан өнімдерінің бағасы көрші елмен салыстырғанда қымбат. Осының себебін түсіндіріп беруді сұрады.  Алайда вице-министр бұл сұраққа жауап бере алмады.  Оның айтуынша бұл шкі сауда мәселесі. 


“Сіз ішкі саудаға қатысты сұрақ қойып тұрсыз. Біздің ел нарықтық экономиканы ұстанады, ұнның барлық экспорттаушы-өндірушілері өнімді экспорттау немесе елдің ішінде сату туралы шешімді өздігінен қабылдайды. Сұрағыңызға жазбаша жауап береміз”, - деді вице-министр сенат кулуарында өткен брифингте.


Қайрат Төребаев еліміздің эскорптқа шығаратын 47%-дан астам бидайына қарамастан Өзбекстан мемлекетімен салыстырғанда нан өнімдерінің бағасы  не себепті 100 теңгеге  қымбат екендігін де айта алмады. 


“Бұл жерде электр энергиясы, салық және өзге де шығындар бар, әуелі соларды есептеу керек. Бұл жерде Өзбек наубайханалары мен Қазақстандық наубайханаларының шығын көлемін қарастыру қажет. Екіншіден өнімді салыстыру керек. Қазақстандағы нан сапасы мен Өзбекстандағы нанның сапасы қандай? Сондықтан бұл жерде мәселе өте күрделі. Бізге нақты қай жерлерде нан бағасы қанша екендігі туралы нақты статистиканы көрсетсеңіздер, біз салыстырып көремсіз”, - деді ол.