ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 18 МЛН 917 МЫҢНАН АСТЫ

356

Фото: Ұлттық статистика бюросыҚазақстан халқының саны 18 млн 917 мыңнан асты. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адамды құраған. Оның ішінде қалалықтар –11 187,2 мың (59,1 пайыз), ауылдықтар –7 730,0 мың адам (40,9 пайыз). 2020 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. 

Ал 2021 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда (42,0 мың адам) 0,2 пайызға артып, 42,1 мың адамды құраған. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 13,71 адам. 

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-ақпанда туғандар саны 65,7 мың адамды құрап отыр. 

Статистика бюросынан дерегінше, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға (64,7 мың адам) қарағанда 1,6 пайызға көп. 
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны - 23,7 мың адам.