Еліміздің тағы екі өңірі "қызыл" аймаққа өтті

385
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола мен Маңғыстау облыстары "қызыл" аймаққа өтті.

2 шілдедегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Ақмола мен Маңғыстау өңірлерінен басқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.


 "Сары" аймақта Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан. 
Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта. 


Еске сала кетсек, аса жұқпалы "үнді" штамының тіркелуіне байланысты Алматыда шектеу шаралары күшейтілді. Жаңа қаулыға сәйкес, қалада жаппай маска тағу режимі енгізіледі, қоғамдық көлік, такси, метро, әуежай, вокзал, балалар алаңдары, базарлар және басқа да қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады. 


Сонымен қатар, "үнді" штамы кеше Шымкент қаласында да анықталды.


 "Шымкенттен "дельта-штамм" анықталды. Қазіргі күні тексеріс жүргізілуде", - деп түсіндірді Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев.