Зейнетке шыққандар жұмыстан шектеле ме?

306
«Ашық диалог» порталында қазақстандықтардың жұмыс істеу жасына шектеу енгізуді ұсынған тұрғынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оның айтуынша, зейнеттегілердің жұмысқа шығуына шектеу жасау Еңбек кодексіне қайшы келеді.

Ал ұсыныс білдіруші зейнеткерлерді құрметтейтінін, алайда жасы келгендер демалысқа кетіп, еңбекке жарамды жастарға орын босатуы керек екенін айтып отыр.

Еңбек кодексінің 6-бабының 2-тармағына сәйкес, ешкімді еңбек құқықтарын жүзеге асыру кезінде шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, көзқарасына байланысты, дініне, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе физикалық кемістігіне, қоғамдық бірлестіктерге мүшелігіне немесе басқа да жағдайларға байланысты кемсітуге болмайды, – деді Дүйсенова.


Министр қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру үшін «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімі», «Жастар тәжірибесі», «Күміс ғасыр» жобалары жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.