Қызылорда облысының әкімі шулы видеоға қатысты пікір білдірді

1 648

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пәтер кілттерін табыстау кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.


Журналистер Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан осы оқиғаға қатысты пікірін сұрады. Сұраққа жауап берген аймақ басшысы мұндай келеңсіз оқиға болмағанын, резонанс тудырған видео монтаждалғанын айтты.

Баспасөз қызметімнің мәліметінше, бұл монтаж болған. Видео жылдамдығын арттырып, өзгертіп жіберген. Олар кешірім сұрап, мойындап, бұл туралы пост жариялады. Мен олардың кім екенін білмеймін. Бұл оқиғаның қалай өткені туралы видео түпнұсқасы парақшамызда тұр, оны көре аласыздар. Жаңа ғимаратты ашсақ, өзіміз жүгіріп, лентасын қиюға асықпаймыз. Бұл құқықты облыс ақсақалдарына береміз. Видеоның толық нұсқасын қарасаңыз, түсінесіз. Онда бір қыз шықты, мен үлкендерге жақындауға нұсқадым, бірақ ол түсінбеді. Сосын өзім тапсырдым, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бар видео жарияланып, түсініспеушілік тудырған болатын. Кадрда әкім тұрғындарға кілт табыс ету рәсіміне қатысып жатыр. Сахнаға пәтер иесі шыққанда Нұрлыбек Нәлібаев кілтті басқа біреудің тапсыруын нұсқайды. Осыдан кейін әкімнің өзі кілтті табыстап, асығыс шетке тұрады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.