Неліктен Украинадағы Қазақстан елшісі қызметінен босатылды?
238
Украина президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Қазақстандағы елші қызметінен алып тастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Зеленскийдің елшіні қызметінен босату туралы жарлығы Украина президентінің ресми сайтында жарияланған.
Ал Петр Врублевскийдің орнына кімнің тағайындалатыны хабарланған жоқ.
Сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі аталған хабарламаға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Украина Сыртқы істер министрлігінен Астанаға жаңа елші тағайындау туралы мәселе көтерілгенін, оның кандидатурасы келісіліп жатқанын хабарлаған еді.
Еске сала кетейік, П. Врублевский қазақстандық блогерлердің бірімен болған видеосұхбат кезінде орыс халқын «мейлінше көп өлтіру» туралы мәлімдеме жасаған еді. Қоғамда туған наразылықтан кейін ол кешірім сұрағанымен, артынша Киевке кететінін мәлімдеген болатын.
Осы жағдайға байланысты биыл 4 қазанда Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, оған Ресей тарапы өз наразылығын білдірген. Бұған жауап ретінде ҚР СІМ Ресей елшісін шақыртып, онымен қатқыл түрде әңгіме жүргізілгенін мәлімдеді.

«Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын. Украина президенті В. Зеленский», - делінген Жарлықта.