Қызылордада қоғамдық тамақтану орындарына 4,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Қызылорда облысында 2 мыңнан астам тағам нысаны бар, оның 600-ге жуығы — қоғамдық тамақтану орындары.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері эпидемиялық маңыздылығы жоғары 32 нысанға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетіні жөнінде қорытынды берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Биыл 9 айда «Е-лицензиялау» бағдарлармасы арқылы елеусіз нысандардың қызмет көрсете бастағаны туралы 71 нысаннан хабарлама түскен. Оның басым көпшілігі Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының үлесінде.
Қоғамдық тамақтандыру орындарының, ең алдымен, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы керек. Қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі, жұмысқа рұқсатының болуы, жеке бас гигиенасын және ас блогында тазалықты сақтауы, азық-түлік қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы, тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтау аса маңызды.







