Шенеунік пара алғаны үшін сотталып кетті
Ол айыптау бойынша кінәсын мойындамай, өзін ақтауды сұраған,- деп хабарлайды,- "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары үш жылға сотталды. Ол жалған анықтама беріп, 300 мың теңге пара алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық соттың мәліметінше, сотталушы О.-ға қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жалпы тәртіппен қаралған. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі "қызметтік өкілеттігіне кіретін пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін айтарлықтай мөлшерде жеке өзі пара алу" бойынша айыпталған.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ақпаратынша, сотталушыға Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Ол айыптау бойынша кінәсын мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Сотталғанға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады соттан.