Қызылордада алғаш рет түйеқұс фермасы ашылды

331
Қызылорда облысында кәсіпкерлер 12 африкалық түйеқұсты жерсіндірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 




Сырдария ауданы Бесарық ауылында арнайы салынып жатқан қоражайда 100 түйеқұс күтімге алынып, инкубатор арқылы 2 есеге дейін көбейтіледі. Басты мақсат – еті мен жұмыртқасын өндіріп, ішкі және шетелдің нарығына шығару. Айта кетері, 1 түйеқұс орташа есеппен 80 келі ет береді екен. 

Етінің бағасы, шамамен, 1 келісі 7 мың-12 мың теңге арасында. Сұранысқа байланысты. Жұмыртқасының бағасы 3-5 мың аралығында. 1 жұмыртқасының салмағы 2,5 келіден 4 келіге дейін болады. 1 аналығынан маусымына 50-60 дана жұмыртқа алуға болады екен, – дейді серіктестік директорының орынбасары Жасұлан Әбдірашитұлы. 

Мамандардың айтуынша, түйеқұс бұл аймақтың қатаң климатына тез бейімделеді. Өйткені ыстық пен суыққа төзімді келеді екен. Азық талғамайды. Төрт түлікке беретін жоңышқа мен құрама жемді жей береді. 

Жоба жүзеге асса, қосымша 10 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұған дейін ауданда өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту аясында 450 адам жұмыспен қамтылған. 

Құны 3 миллиард теңгеге тең жобалар тізімін жасақтадық. Оның ішінде ауданымыз аграрлық сала болғанмен де, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласына басымдық беріп отырмыз, – деді Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.