Дәрігерлерге көңілі толмаған ер адам емхана ішінде өзін өртемек болды

305
Түркістан облысы Келес ауданында 20 күннен бері сырқаттанған балаларға дәрігерлер ем-дом жүргізбеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл сәтті ер кісі видеоға өзі түсіріп алған. Бейнежазбаны ТікТок қолданушысы жариялады.

Алғашқы видео көпбалалы отбасының үйінде түсірілген. Ер кісінің айтуынша, әйелінің аяғы ауыр. Оны дәрігерлермен алысып жүріп ауруханаға әрең жатқызыпты. Ал үйде шеттей баласы ауырып жатыр. Оның бірі мүмкіндігі шектеулі, тіпті сөйлей де алмайды екен. Балалардың әжесі де сырқаттанып қалған.

Ер кісі балаларды дәрігерге қаратқан. Олар қажетті дәрілерді жазып берген. Көпбалалы әке 40 мың теңгеге керекті дәрі-дәрмекті сатып алыпты.

Дәрілерді салып беретін маман жоқ. Олар дәрі егуге міндетті емеспіз дейді. Жедел жәрдемдегілер де солай айтты. Тым болмағанда ақшасын берейін дедім, бірақ дәрі салдыратын адам жоқ. Кім салу керек? Өліп кету керек пе сонда?, - дейді ашынған ер кісі.