Жүкті әйел мінген көлік кәріз құдығына түсіп кетті

1 500

Фото: istockphoto.comАқмола облысының Ерейментау қаласында Lada Granta автокөлігі кәріз құдығына түсіп кеткен. Көлік тізгінінде жүкті әйел болған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 21 қазанда болған. Оқиға салдарынан әйелдің іш тұсы жарақаттанып, қатты күйзеліске түскен. Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға болғанын растады.

«21 қазанда Ерейментау қаласында Lada Granta автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жүргізушісі кәріз құдығына түсіп кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.