Дене шынықтыру мұғалімі оқушыға жақындасуды ұсынып, хабарлама жіберген

208

Екібастұзда мұғалім 14 жастағы оқушыға жақындасуды ұсынған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Анасының сөзінше, мұғалім оқушыға түрлі хабарламалар жіберген. 


"Ол хат жазып, түрлі әдепсіз ұсыныстар айтып, жақындасу туралы ұсыныстармен аудиожазбалар жіберген", – деп жазды анасы. 


Екібастұз білім басқармасы бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 


"Бұған дейін де, қазір де ата-аналар мен балалардан бұл мұғалімге қатысты өтініш түспеді. Ақпаратты көре салысымен мұны полицияға бердік", – деп жауап берді басқарма өкілдері. 


Қазіргі таңда құзырлы органдар Қылмыстық кодекстің 123-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу" бабымен тексеріс жүргізіп жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.