Жүкті әйел мінген көлік кәріз құдығына түсіп кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақмола облысының Ерейментау қаласында Lada Granta автокөлігі кәріз құдығына түсіп кеткен. Көлік тізгінінде жүкті әйел болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы 21 қазанда болған. Оқиға салдарынан әйелдің іш тұсы жарақаттанып, қатты күйзеліске түскен. Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға болғанын растады.
«21 қазанда Ерейментау қаласында Lada Granta автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жүргізушісі кәріз құдығына түсіп кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.
Қаз
Рус






