АРДАҚ ИБРАИМОВ: БАРЛЫҚ САЛАДА ОҢ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІМІЗ ҚАЖЕТ
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мен бюджеттің игерілуі бойынша жүтелген маңызды міндеттерге сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылғы 1 қазанға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2999 бірлікті құраса, оның ішінде 2859 субъектісі немесе 95,5 пайызы нақты жұмыс жасап тұр.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында 2024 жылдың 9 айында 144 жоба 4 млрд. 176 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Бұл ретте, аудан әкімі Ардақ Ибраимов елді-мекендегі жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табыс көзін арттыру бағытында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нәтижелі жұмыстар жалғасын табу қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда.
Облыс тарапынан ауданға бөлінген бөлініске сәйкес 318,3 млн. теңге қаржы межеленіп отыр. Аталған жоба аясында ауданнан 47 жобаның құжаттары дайын. Оның ішінде 27 жоба платформаға енгізіліп, 60,0 млн.теңгені құрайтын 11 жоба қаржылық қолдауға ие болды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жобаның ауданда толық жүзеге асырылуына байланысты жұмысты жандандырып, Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдерне белсенді жұмыс жасауды тапсырды.
Тапсырманың уақытылы және сапалы орындалуын қатаң бақылау сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарына Арнұр Әлібекұлына тапсырды.
Сондай-ақ, аймақ басшысының тікелей бақылауында тұрған негізгі тапсырма бюджет қаражатының тиімді жоспарланып, оның сапалы игерілуін қаматамасыз ету қажеттігін жеткізді. Оның ішінде Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар бірінші кезекте игерілуі тиіс екенін айтты.
Мәжіліс отырысының кезекті мәселесінде атаулы әлеуметтік көмектің қаржысы тиімді жұмсалуы, оны шын мұқтаждарға бағытталуы бойынша аймақ басшысының тапсырмасы орындау қажеттігі айтылды. 2024 жылы ауданда атаулы әлеуметтік көмек 128 отбасының 796 мүшесіне тағайындалып, тиісті қаражаттары төленді.
Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2024 жылға аудан бойынша 369 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аудан әкімінің орынбасарлары, жетекшілік ететін салаларыңыз бойынша бақылауды күшейтіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.