КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1 204

Сырдария Аудандық Кәсіпкерлік Бөлімі2024 жылдың 23 қыркүйегінде Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Тереңөзек кенті әкімі аппараты мамандары бірлесіп, Тереңөзек кентінде орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, санитарлық тазалық сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аралау барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне аумағының тазалығын сақтауды, санитарлық жағдайы мен сырт келбетін ретке келтіру қажеттігі айтылды.


Аумақтарды тазарту және жинау елді мекеңдерді тазартудың бас сызбасы бойынша жүргізіледі және әкімшілікпен бекітіледі.


Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың және шығарудың негізгі 2 жүйесі бар:

Алып кететін жүйе.

Алып кетпейтін жүйе (көліксіз).

Іс жүзінде алып кететін жүйенің маңызы зор, қазіргі кезде көліксіз жүйе тек жеке құрылыстар үшін ғана қолданылады, ал көп қабатты мекемелерде бұл жүйе мүлдем қолданылмайды. Бұл қалдықтарды канализацияға тастар алдында ұсақтау және қалдықтарды бақ учаскелерінде компостірлеумен аяқталады.


Алып кететін жүйе 2 әдіспен жүргізіледі:

Үнемі жоспарлы аула ішілік жүйе – тұрғындар әр түрлі көлемді ыдыстарға қалдықтарды салып, алып кеткенге дейін шығарып қояды. Бұл едәуір тараған әдіске жатады.

Жоспарлы пәтерлік – тұрғындар қалдықтарды тәуліктің белгілі бір уақытында қалдық тасығыштарға тікелей тиейді. Бұл құрылыс тығыздығы жоғары және аз қабатты мекемелерде (екі қабатқа дейін) сирек қолданылады.

Қазіргі кезде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және алып кетуде елді мекен нүктелерінде негізінен үнемі алып кететін жоспарлы жүйе қолданылады. Бұл жүйенің негізгі түрлері:

Алмастыратын жүйе (басқаша айтқанда контейнерлі).

Алмастырылмайтын жүйе (бакқа салынып шығарылатын).

Алмастыратын жүйеде қалдықтарды контейнермен бірге алып кетеді, орнына бос контейнерлер қойылады. Алмастырылмайтын жүйе кезінде қалдықтарды машиналарға тиейді, ал босаған контейнерлерді сол орнында қалдырады. Осы екі жүйеден біреуін тандап алу келесі факторларға байланысты:

қалдықтарды тасығыш машиналарға тиейтін жердің қашықтығы;

санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар;

қатты тұрмыстық қалдық жинағыштарды санитарлық тазарту жиілігі;

қалдық тасығыштардың саны және т.б.

Алмастырылатын жүйені, егер шығарып тасу қашықтығы 8 км-ден аспаған кезде, қалдықтардың уақытша пайда болатын жерлерінде (жәрмеңкелер, көрмелер, саяжайда, сонымен қатар қорларда) пайдаланылады. Алмастырылмайтын жүйе өнімдірек, сондықтан қалдықтар тазартқыш машиналарды тиімді пайдалануга мүмкіндік туғызады. Кейбір кезде елді мекендерде осы екі жүйе бірдей қолданылады. Көліктің қозғалысы аздау орташа және кішігірім қалалар түрғындары қалдықтарын белгілі бір уақытта бірден автотранспортқа апарып салады (қатты түрмыстық қалдықтарды жоспарлап жинау жүйесі немесе баксыз түрі).


Санитарлық тұрғыдан қараған кезде ең маңызды мәселе — ҚТҚ-дың орташа жылдық жиналу нормасын дұрыс есептеу болып табылады. Егер норма аса көтерілген болса, онда контейнерлер толық толтырылмай тасылады, бүл үнемдік жағынан тиімсіз, егер норма төмендетілсе — контейнерлерде орын болмайды, сондықтан олардың айналасында қалдықтар үйінділері пайда болады.

Контейнерлер (5-тен көп емес) қойылатын алаң тұрғын үйден, балалар мекемелерінен, демалыс орындарынан 100 м-ден қашық емес, 20 м-ден жақын орналаспауы керек.


Алмастырылатын жүйенің тиімді жағы, қалдықтарды түсірген жерде контейнерлерді орталықтандырып жууға мүмкіндік туғызады. Алмастырылмайтын жүйе кезіңде ҚТҚ-ды жинаушыларды тазалау сол орнында жүргізіледі, ал мұндай нысандардың орналасуының көптігіне байланысты бұл үрдіске санитарлық бақылау жүргізу өте қиынға соғады.

Санитарлық қызмет мекемелері көшелердің, бау-бақшалардың, саябақтардың және басқа пайдаланатын қоғамдық орындардың таза болуын қадағалайды. Көшелерді, аулаларды және қалдықтарды жинауды, сақтауды, шығаруды ұйымдастыратын өнеркәсіптік нысандар аумағын тазартуды, сонымен қатар шыбындардың шығу көзін анықтау — бақылаудың қажетті элементі болып саналады. Бақылауды тек қана көзбен тексеру жеткіліксіз, сондықтан аналитикалық әдістер қолданылады.


Санитарлық бақылаудың негізгі кезеңдері:

Аудандық жоспарлау сызбасын құрастыруға сараптама жүргізу.

Елді мекендерді санитарлық тазартудың басты сызбасын құрастыруға қатысып, санитарлық тұрғыдағы негізгі талаптарды орындау:

елді мекендерде жоспарлы-күнделікті тазарту жүйесін жасау;

көлік базасының жағдайы;

қаланың жекеленген аудандарын канализациялаудың кезегі және мерзімі;

канализацияға қосылмаған аудандарды санитарлық тазарту бойынша қолданылатын шаралар;

қалдықтарды залалсыздандыру мен тазартуға арналған құрылымдардың сипаттамасы;

қалдықтарды жаратуды ұйымдастыру.

Күнделікті санитарлық бақылаудың нәтижелігі - санитарлық дәрігердің тексерудің арнайы әдістерін қолдануына байланысты. Аула бойынша жалпылама тексерудің тиімділігі өте аз болатынын ескеру қажет, себебі ол арнайы көлік жұмысының сапасын ғана сипаттайды, ал санитарлық және эпидемиологиялық баға беруге мүмкіндік бермейді. Физика-химиялық, санитарлық- бактериологиялық, гельминтологиялық және энтомологиялық зерттеулермен бірге жүргізілетін динамикалық байқаулар ғана нақты баға бере алады.