ЖАСТАРДЫҢ КҮШІ – ТАБИҒАТТЫҢ ТЫНЫСЫ
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шараның басты мақсаты – жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі бастамаларға қолдау көрсету.
Сенбілікке ауданның белсенді жастары, дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары мен білім саласының өкілдері белсене қатысты. Акцияға қатысушылар кент пен ауылдарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Табиғатты аялау – болашаққа жасалған маңызды қадам.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.







