Ақыл-есі кем алты адам емін-еркін көлік тізгіндеп жүрген

1 484

Фото: gov.kzАстана қаласының прокуратурасы психикалық сырқаты бар алты адам әлі де көлік тізгіндеп жүргенін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне сәйкес көлік жүргізуге тыйым салынған 76 адамның ішінде 6 азаматтың қолданыстағы жүргізуші куәліктері бар екені анықталды. Осыған байланысты, елорда прокуратурасы алты азаматқа қатысты азаматтық талап арыз беріп, сотта жеңіп шықты», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.

Сондай-ақ, Астанадағы аудандардың бірінде де төрт адамның көлік жүргізу куәлігін жоюға қатысты сот отырыстары өткен екен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.