Мемлекеттік нөмірде қолдан жасаған жүргізуші анықталды

1 375

Фото: istockphoto.comЕлордада патрульдік полиция мемлекеттік нөмірде қолдан жасаған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 17 қарашада Астанадағы Нұрғиса Тілендиев даңғылының бойында болған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мемлекеттік нөмірді қолдан жасалған Nissan көлігін тоқтатты. Тексеріс барысында жүргізуші жалған нөмірді типографияда жасатқаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Істің материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция астаналықтар мен қала қонақтарынан жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.