Павлодар облысында мешітте қылмыс жасалды
344
Павлодар облысында ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлады деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Skif News сайтына сілтеме жасап.
Криминалист маман тексеру жұмыстары барысында саусақ іздерін анықтады.
Шарбақты ауданы полиция бөліміне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түсті.
"Аталған фактіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында саусақ іздерін анықтады", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.
Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады. Тергеу жалғасып жатыр.