201 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алған
Шымкентте 201 отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек қаржысын негізсіз алып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атаулы әлеуметтік көмек қаржысын алушылар қатарына ену үшін жалған құжаттар өткізген. Осы жәйттер анықталғаннан соң 46 отбасы жыл бойына алған ақшасын өз еркімен қайтарып берді. Өзгелерінен ақшаны өндіру үшін сотқа жүгінуге тура келген.
Осылайша мемлекет қазынасына 14 миллион теңгеге жуық ақша қайтарылды. Бүгінгі таңда 8 мың 801 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың тізімінде. Олардың деректерінің нақтылығын тексеру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы денсаулық сақтау және салық органдарымен бірлесе жұмыс істеуге көшті.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың осы уақытқа дейін денсаулық сақтау басқармасы арқылы алып келген жұмысқа жарамсыздық бойынша, яғни алып келген анықтамасын QR арқылы нақты ма, дәйекті ме, жалған емес пе екенін тексеріп, тағайындау жұмысын жүргізіп жатыр.