RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Қоғам
221

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ ҚҰНЫ 28 000 ТЕҢГЕ МЕ?

Қызылордалық аналар алдағы оқу жылының мектеп формасына өзерту еңгізілуіне қарсылық білдіруде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Әлеуметтік желі де қоғам белсенділерінің бірі келер күзгі оқу жылының мектеп формасы жайында сөз қозғаған болатын. Аналардың айтуынша, мектеп формасын түрік елінің сапалы киімдерін алу ұсынылған екен.  Дәлірек айтқанда, 28 000 теңгеге мектеп формасын алуға ұсыныс берілген екен.


«28 000 теңгеге мектеп формасын алып бере алмаймын. 4 балам оқушы сонда мен   112 000 теңге тек сырт киімін алуым керек екен. Ал, өзіміз қымбат форма кимесек те, білімсіз қалмадық. Оқыдық қой, ақ көйлек, қара белдемше киіп», -дейді Айгерім Бақыт.


Расында  әрбір мектеп түрлі мектеп формасына көшкелі қашан. Енді бірі классикалық үлгі де болса енді бірі, теннисшілердің белдемшесі мен шотландардың белдемшесін мектеп формасына ендіріп қойған.


Ал, отандық форманы тігіп кигізсе жөнді, шет елдің киімінің қажеті жоқ деген ата –аналарға Қалалық білім бөлімінің айтуынша,
«Мектеп оқушылары үшін бірыңғай мектеп формасы талап етілмейді. Ал, қала мектептері Түркиялық тігін шеберханамен келісім шарт жоқ. Форманы тіктіру немесе тапсырыс беру ата-ананың өз еркінде екендігін» жеткізуде.


Ал, алдағы оқу жылының мектеп формасы деп жарияланған суреттер:

Ал, ата-аналардың айтуынша, кейбір мектептер тиісті форманы оқу жылы аяқталмай жатып ескертілгендігін алға тартуда. Сонымен қатар, көпбалалы тіпті бір үйден 5 – 6 бала оқитын жағдайда киім түгілі дәптерге қаражат таппай қаламыз деген аналар да аз емес.