Қазақстанның мұнайын көбінесе қай елдер сатып алады

401
Ұлттық банк мұнай экспортындағы тенденциялар мен Қазақстанның «қара алтынын» көбіне қандай елдер сатып алатыны туралы ақпарат таратты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің төлем балансы департаментіне қарасты сыртқы секторға талдау жасау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетованың айтуынша, елдердің ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай экспортын төмендету туралы келісім бар. Соған қарамастан, «қара алтынға» деген әлемдік бағаның өсімі мұнай мен газ конденсантының экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берген (2020 жылдың 9 айына қарай +19%). Алайда ресми статистикадағы есептің ерекшелігін ескерсек, ІІІ тоқсандағы мұнай бағасының өсімі толығымен ІV тоқсандай байқалады.

«Қазақстан мұнайын көбіне Италия (6 млрд АҚШ доллары), Нидерланд (2,8 мдрд АҚШ доллары), Франция (1,7 млрд АҚШ доллары) Үндістан (1,3 млрд АҚШ доллары) мен Қытай (1,2 млрд АҚШ доллары) елдері сатып алады. Біздің мұнайды көп сатып алатын ел бұрынғыдай Италия болып қалды. Мұнай экспортының 27% үлесі осы мемлекетке тиесілі. Ал өзге елдер арасында экспорт көлемін арттырған мемлекеттер – Нидерланд (12,6%-ға дейін), Франция (7,7%-ға дейін), Түркия (5,3%-ға дейін), Сингапур (2,8%-ға дейін) және Бруней (2,3%-ға дейін)», - дейді Меруерт Алмағамбетова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.