АЛҒАШҚЫ 5 ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС
1939 жылы 17 қазан күні Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен Жалағаш ауданы құрылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ауданның жер көлемі 27 мың 156 шаршы километр. Ауданда 17 елді мекен бар.
1940 жылдың 3 қаңтарында еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің бірінші сессиясы, 19-21 қаңтар аралығында аудандық партия комитетінің бірінші конференциясы болып өтті. Сол жылы аудан 8200 гектар жерге егін екті.
1941 жылдың аяғына дейін жалағаштық еңбеккерлер майданға 7 мыңнан аса жылы киімдер, оның ішінде 152 тон, 281 пима, 472 қолғап, 430 жүн шұлық, 698 құлақшын, 510 шұлғау және тағы басқа да көптеген бұйымдар жөнелтті.
1942 жылы «Алғабас» колхозының звено жетекшісі Қонтабаев әр гектардан 40 центнерден астық жинаса, Калинин атындағы колхоздың звено жетекшісі Пак Александра әр гектардан 60 центнерден астық жинаған. 1941–1942 жылдар аралығында аудан бойынша 865 адам «колхоз даласының стахановшысы» атанып, жұмыс жоспарын асыра орындаған. Олардың 284-і партия, 377-і комсомол ұйымының мүшелері еді.
1943 жылы Аудан еңбекшілерінің ерлікке тән істері үшін сәуір айында С.И.Кистановтың атына Жоғарғы Бас Қолбасшы И.В.Сталиннен жеделхат келеді. Онда: «Қызылорда колхозшысы» танк колоннасын жасауға 1 млн 500 мың сом ақша жинаған және Қызыл Армияның қорына 57 мың пұт күріш тапсырған Жалағаш ауданының колхозшылары мен қолхозшы әйелдеріне менің туысқандық сәлемімді және Қызыл Армияның алғысын тапсырыңыз» делінген.