Қызылордада қоғамдық тамақтану орындарына 4,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

1 569

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіҚызылорда облысында 2 мыңнан астам тағам нысаны бар, оның 600-ге жуығы — қоғамдық тамақтану орындары.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері эпидемиялық маңыздылығы жоғары 32 нысанға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетіні жөнінде қорытынды берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл 9 айда «Е-лицензиялау» бағдарлармасы арқылы елеусіз нысандардың қызмет көрсете бастағаны туралы 71 нысаннан хабарлама түскен. Оның басым көпшілігі Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының үлесінде.

— Барлық қоғамдық тамақтану орны санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бірдей сақтай бермейді. Осы бағытта жыл басынан бері 84 арыз тіркелді. Оның көбі санитариялық тазалықтың сақталмауы, өнімдердің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі сияқты мазмұнда. Дәлелін тапқан арыз-шағымдар бойынша жеке және заңды тұлғаларға 4,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Заңбұзушылықтарды жою туралы 25 ұйғарым берілді, — деді департамент басшысы Гүлмира Сыздықова.

Қоғамдық тамақтандыру орындарының, ең алдымен, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы керек. Қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі, жұмысқа рұқсатының болуы, жеке бас гигиенасын және ас блогында тазалықты сақтауы, азық-түлік қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы, тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтау аса маңызды.

— Ауру тасымалдайтын микроағзалар азық-түлік арқылы тез таралады. Сондықтан мейрамхана, кафе, асханалардың кез келген қызметкері келушілерге зиянын тигізбес үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң орындауы тиіс, — деді департамент басшысы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.