ҚЫЗЫЛОРДАДА АРНАЙЫ ЖАСАҚ САРБАЗДАРЫ ТӨБЕЛЕС ҰЙЫМДАСТЫРҒАН

4 220

Фото: khabar.kzҚызылорда облыстық полиция департаментіне қарасты арнайы жедел әрекет ету жасағының  сарбаздары жанжалдасқан, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Бұл ақпарат Egov.press Телеграм-каналында жарияланды. 


«Кейбір дерек көзінен келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, Қызылорда облысының ержүрек СОБР жауынгерлері арасында жаппай төбелес орын алған. Жанжалдасуға себеп «дедовщина» болған. Тіпті, жергілікті полиция қызметінен де бірнеше офицерлер  жұмыстан шығарылған", - делінген жазба қалдырылған.


 Алайда Қызылорда облыстық полиция департаменті жарияланған ақпараттың ескі екендігін мәлім етті. 


"2023 жылы Қызылорда облысы полиция департаменті арнайы жасақ қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі адамдар ішкі істер органдарындағы жұмысынан шығарылды", – деп хабарлады облыстық полиция. 


Әскердегі әлімжеттікке тоқтау қоя алмай отырғанымызда. Қарулы күштердің қарқыны жаға ұстатқаны жасырын емес.