12 жасар қызға мүшесінің суретін жіберіп, қыз баладан да талап еткен
Талдықорғанда белсенділер 12 жастағы қызды интимді жақындыққа шақырып, жыныс мүшесінің суретін жіберуді талап еткен 29 жастағы ықтимал педофилді ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Белсенділер ықтимал педофилді анықтау үшін эксперимент жүргізді. Олар12 жасар қыздың атынан жалған аккаунт ашып, профильде баланың жасын нақты көрсетті. Алғашқы сағаттардан бастап парақшаға лайктар мен хабарлама жіберуге сұраныстар түсе бастаған.
Күдікті жасөспірімнің үйінде жалғыз екенін білгеннен кейін бірден кездесу үшін көрсетілген мекенжайға бет алды. Келіскен жерге жеткенде оны белсенділер мен аудан тұрғындары күтіп тұрды. Ер адамның қызға жазған хабарламалары дәлел ретінде көрсетіліп, бәріне әшкере болды. Алайда ол мұның бәрін жоққа шығарып, кінәсін мойындаудан бас тартты.
Кездесу барысында қаскөйдің заң бұзушылықтарын тіркейтін дыбыстық жазба қолданылған. Кейін құқық қорғау органдары келіп, қылмыстық әрекет жасауға талпыну дерегін тіркеді.
Тексеру барысында Елдос Каримов деген лақапаттың артында 29 жастағы Диас деген ер адамның тұрғаны белгілі болды. Ол мұның бәрін жасөспірімнің жасы небәрі 12-де екенін біле тұрып, саналы түрде істеген.







