Нұр-сұлтанда ер азамат моншаға барам деп 500 мың теңгесінен айырылды

241

Күдікті куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, келушілердің жеке заттары салынған жәшіктердің бірінде тұрған екі телефонды ұрлауы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: Турар КазангапНұр-Сұлтан қаласының полициясына елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің моншадағы шкафтан оның екі ұялы телефоны жоғалып кеткенін айтты.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 18 жастағы жасөспірімді ұстады. Ұрлық келушілердің заттары сақталған киім ауыстыратын бөлмеде болған.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.