Әуежай маңынан табылған табыт жұрт үрейін ұшырды

201
Семей қаласындағы әуежай маңынан табылған табытқа полиция департаменті мәлімдеме берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Табыт туралы ақпарат әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде тараған. 

Мырыш табыт жатыр. Ұшып кеткен не лақтырып жіберген. Сүйектер шашылған, мұндай затты тастауға бола ма, - делінген жазбада.

Абай облыстық полиция департаментінде табыттың табылғанын растады. Дегенмен мұнда адамның сүйектері жоқ екенін мәлімдеді. 

Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалды", - делінген хабарламада. 


Аталған дерек бойынша марқұмның 32 жастағы туысына елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабымен хаттама толтырылған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.