Нұр-Сұлтанда көңілді кеш кезінде тікелей эфирге шыққандар өздерін полицияға ұстап берді

347
Елордада карантиндік шараларды бұзып, жұмыс істеген мекеме жауапқа тартылды.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 1 тамызда Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан "Какие люди" ресто-барының карантин режимін бұзғаны анықталды. 


Мониторингтік топ өкілдері оқиға орнына келген кезде ақпарат расталды. 


Мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілгендей, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан ашық болған.


 Ресто-бардың ішіндегі келушілер көңіл көтеріп, караокемен ән айтқан, санитарлық нормаларды бұзған. Сондай-ақ, әлеуметтік желіге шығып, тікелей эфир жүргізген. 
Полицейлер мекеме иесіне қатысты жиналған материал ӘҚБК 425-бабына сәйкес, әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жолданғанын хабарлады. 


Бқжан бөлек, демалыс күндері мобильдік топтар 155 кәсіпкерлік объектіні тексеріп, 40 бұзушылықты анықтаған.


 Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерді карантин шараларын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеді және азаматтарды көпшілік шараларға бармауға және отбасылық тойларды өткізуден бас тартуға, сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.