Жамбылдағы жарылыс: Оқ-дәрі Аягөзге көшірілуі мүмкін

348
Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәжіліс кулуарында айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазір халық қауіптеніп отыр. Оқ-дәрі қайда көшіріледі?" - деп сұрады журналистер.

"Бұл сұраққа толық жауап бере алмаймын. Жарылыстан қалған оқ-дәріні әртүрлі қоймаға апарамыз. Мысалы, Аягөз немесе басқа жерге...", – деді Тұяқов.

Оның айтуынша, жарылыстың салдарын толық жоюға вице-премьер бастаған комииссия жұмыс істеп жатыр. Тұяқов жоюға қанша қаражат кететінін айтпады.

"Соншалықты көп қаражат емес. Жаңа қоймаларды салуға жетеді. Негізінен бұл сұраққа индустрия министрлігі жауап беруі керек", - деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.