Ер адам құдыққа құлап, ішіне әйнек кіріп кеткен

1 500

Фото: astanatv.kzПодстепное – Илек автожолында қызмет атқару кезінде БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қасына бір автокөлік тоқтап, көлігінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жарақат алған азаматтың бар екенін айтып, оны медициналық мекемеге тез арада жеткізуге көмектесуді сұраған, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Шыны сынықтары тері астына кіріп кеткен

Жарақат алған азамат Қаратөбе ауданының тұрғыны екен. Ол құдыққа құлап, кеуде тұсына әйнек бөтелкенің сынығы кіріп, жарақаттанған. Шыны сынықтары тері астына кіріп кеткен. 

Қанды тоқтату үшін жарақаттанған жерін дәкемен басып келе жатыр екен. Өзінің айтуынша, ол шамамен 1–1,5 литр қан жоғалтқан. Сондай-ақ басы айналып, қатты әлсірегенін айтқан.

Әр минуттың маңызды екенін түсінген полиция инспекторлары Ринат Бигалиев пен Айбар Рашидов жарақат алған азаматты қызметтік көлікке отырғызып, қалалық көпбейінді ауруханаға жедел түрде жеткізген.

Ол бірден ота жасау бөліміне жатқызылды. Осылайша тәртіп сақшылары аталған азаматты аман-есен медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайда әр минуттың маңызы зор. Уақытында көрсетілген көмек пен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы талай рет адам өмірін сақтап қалуға себеп болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.