Ұлына мұраға қалған 22 млн теңгені ұрлаған ер адам ұятқа қалды

241
Ұлыбританияның Тенби қаласында 38 жастағы Дэниел Колфилд ұлына мұраға қалған 38 000 фунт стерлингті (шамамен 22 миллион теңге) ойын-сауыққа, алкоголь мен есірткіге жұмсап жіберген. 

Мұраны Дэниелдің анасы арнайы немересіне қалдырған екен. Ол немересі 18 жасқа толған соң бұл ақшаны университетте оқу ақысын төлеу немесе үй сатып алу мақсатында қолдана алады деп үміттенген. 2015 жылы әйел адам қайтыс болып, ер адам әпкесімен бірге ұлына мұраға қалған шотқа қол сұғады. Мұрагер кәмелет жасына толған соң, әкесі мен әпкесіне мұраға қалған ақшаны беруін сұрап хат жазады. Алайда әкесі ақшаны ішімдік пен ойын-сауыққа жұмсап жібергенін айтады. Бұл жайттан кейін ұлы полицияға әкесінің үстінен арыз жазған. 

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.