Қызылорда облысында шөпке шыққан әке мен баланы қарақшылар аяусыз соққыға жықты

619
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында Қызылорда облысында болған оқиға туралы айтты. Оның сөзінше, сыр елінде қарақшылар әке мен баланы соққыға жыққан деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Әкесі мен баласы шөп тиелген жүк көлігмен жолға шығады. Алайда жолда оларға қарақшылар жолығып, соққыға жыққан. Сол уақытта жол-патрульдік полиция қызметкерлері келіп, араша түседі. Тәртіп саұшылары оларды күштеп бағындырып, ұстайды. Әкесі мен баласы ауруханаға түсті", - деді Нұрділдә Ораз.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі олардың ата-анасы осы оқиғаға қатысты күні-түні қоғам тыныштығы үшін еңбек етіп жүргені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс хат жолдағанын мәлімдеді.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрығмбаевтың атына азаматтардан полиция қызметкерлеріне айтылған алғыс хаттар келіп түседі. Солардың бірі Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөреге, полиция қызметкерлеріне алғыс келіп түсті," - деді Нұрділдә Ораз.