Бетті жабатын киімге айыппұл салынады
Өзбекстанда бетті жауып тұратын киім киюге айыппұл салу ресми түрде енгізілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев заңнамаға өзгертулер енгізуге қол қойды. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Ерекшелік медициналық диагноз немесе рецепт бойынша, сондай-ақ жұмысқа және қызметке байланысты бетті жасыратын киім болуы мүмкін.
Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жапқан киімге айыппұл салынады, оның мөлшері 3,3 миллионнан 4,95 миллион сумға дейін (126-189 мың теңге - ред.), делінген әділет министрлігінін мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, республика екі немесе одан да көп әйелмен тұруға итермелейтін немесе осындай идеяларды тарататын адамдарға айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алады.
Еске салайық, Өзбекстан заңнамасына қоғамдық орындарда тұлғаны жасыратын немесе тану қиынға соғатын киімдерді киюге тыйым салатын өзгерістер биылғы жылдың қыркүйек айында белгілі болды. Бұдан кейін Парламенттің баспасөз қызметі палатаның жалпы отырысында Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының қабылданғанын хабарлады.