"Бағаны ұстай алмасаңдар, халыққа таратыңдар": Депутат халыққа 100 миллиард теңгені үлестіріп беруді ұсынды
269
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов халыққа ақша таратуды ұсынды. Оның сөзінше, бағаны ұстап тұру үшін 100 миллиард бөлінген. Алайда мұның еш пайдасы тимегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аманжан Жамалов үкімет бөлген қаржының 81 миллиарды сауда желілеріне несие беру үшін, ал 16,8 миллиард теңге тұрақтылық қорларын жасау үшін жұмсалғанын айтады.
"Пайдасы жоқ. Одан да бұл қаржыны тікелей халыққа таратып берген дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бағаның көтерілуінен бірінші солар зардап шегеді. Егер бағаны ұстап тұра алмасаңдар, тікелей халықты қолдаңдар, әлеуметтік қорғалмаған топқа субсидия беріңдер. Ақшаны сауда желісіне таратқанға қарағанда пайдасы көп боларына сенімдімін", – деді депутат.