Алматы қаласында 9 қабаттан биік ғимарат салуға тыйым салынбақ
Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салуға бұдан былай шектеулер қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.
Қала әкімі атап өткендей, Бостандық ауданының негізгі проблемасы жаппай және нүктелі құрылыс болып отыр. Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түсті. Бүгінде Бостандық ауданында белсенді құрылыстың 6 алаңы бар.
Қаз
Рус






