Рудный тұрғыны 4 жастағы баланың үстіне керосин құйып жағып жіберген

426

Рудный тұрғыны көршісімен жанжалдан кейін әйел мен оның 4 жастағы баласына керосин шашып, жағып жіберген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Жантүршігерлік оқиға туралы аймақтық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков өз Facebook парақшасында мәлімдеді. 


"16 наурызда Рудный қаласының кезекші бөліміне 44 жастағы ер адамның көршісінің есігін қаққаны туралы ақпарат түсті. Есікті ашқан әйел мен оның баласына керосин шашып, жағып жіберген", - делінген полицейдің хабарламасында. 

Бала ауыр жарақаттар алған. Қазір ол ауруханада. 


"Жапа шеккен бала ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне жатқызылды. Денесінің 40%-ын күйік шалған. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Анықталғандай, оқиғаға көршілер арасындағы жанжал себеп болған", - деп түсіндікті Ерлан Омарбеков. 

Күдікті қолға түскен, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.