Бір жылдық оқу құны 35 млн теңгені құрайтын "Болашақ" бағдарламасының елге пайдасына депутат күмән келтірді

318
Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Жұмабаева  Қазақстандағы жұмыс берушілер шетелден мамандар тартуды жалғастырып жатқанын атап өтті , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз кезегінде шетелдіктерді жұмысқа алу жүйесін қайта қарауға уәде берді.


ҚР Парламенті мәжілісіндегі үкімет сағатында Әлеуметтік кодекс жобасын талқылау барысында депутат Айгүл Жұмабаева "Болашақ" бағдарламасына қатысты мәселені қозғады.

"Кодексте сыртқы көші-қонға қатысты жаңа тәсілдерді жүзеге асыру көзделген және Қазақстанға шетелдік ғалымдар мен басқа да тапшы мамандықтар бойынша мамандарды тарту үшін "Ашық Қазақстан" жаңа тұжырымдамасының жобасы дайындалған. Салық төлеушілердің қыруар қаржысы жұмсалған "Болашақ" бағдарламасының жұмыс жасап жатқанына 29 жыл болды. "Болашақ" бағдарламасының бір студентінің бір жылдық оқуының құны шамамен 35 миллион теңгеге дейін жетеді. Ал мамандар аз болғандықтан, әлі де жетіспей жатыр", – дейді депутат.


Ол "Болашақ" экономиканы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған мақсатты бағдарлама екенін еске салып өткен.

"Мыңға жуық "болашақтықтар" арасынан 200 қажетті маман табылмай, мемлекет тағы да жалақысы қазақстандықтардан бірнеше есе жоғары шетелдіктерді тартуға мәжбүр болса, бұл бағдарламаның тиімділігі мен пайдасы туралы мәселе көтеретін кез келген шығар?" – деген Айгүл Жұмабаева.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл сайын шетелдік және отандық кәсіпорындардың шетелдік қатысуы бар компаниялары министрлікке сұраныс жіберетінін, онда қанша және қандай мамандар қажет екенін көрсететінін жеткізген.


"Шетелдік мамандарды тарту үшін бір жылға квота жасаймыз. Осы ретте өз түлектерімізді жиі естен шығарып алатынымыз да рас. Сондықтан қазір көші-қон саясатының тұжырымдамасында, сондай-ақ біз ілеспе заң жобасы ретінде енгізіп отырған "Халықтың көші-қоны туралы" заңға сәйкес өзгертулер мен толықтыруларда жұмыс берушілер бірнеше жылға өтініш беруі керектігі қарастырылған. Сондықтан бұл адамдарды шетелден шақыру қажет пе, әлде бұл қажеттілікті қазір оқуын бітіріп жатқан немесе "Болашақ" бағдарламасы арқылы оқып жатқан мамандарымыздың есебінен қанағаттандыра аламыз ба, соны анықтауға болады", – деп түсіндірген Дүйсенова.