3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

1 614

Фото: Андрей СтенинАлматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. 


“Бүгін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті. Ер адам өмір бойына, оның әйелі (3 жасар қыздың әжесі және 9 жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген жазбада. 


Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру мәселесі бойынша облыс прокуратурасына қатысты қылмыстық жауаптылықтан жалтару, қызметте немқұрайлылық, әрекетсіздік және т.б. фактілермен қылмыстық іс қозғалған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.