Ауладағы автотұрақ орнын заңсыз иеленуге болмайды: жаңа ереже күшіне енді

1 504

Фото: ©Depositphotos.comҚазақстанда абаттандырудың жаңартылған үлгілік қағидалары күшіне енді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Енді көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы автотұрақ орындарын шынжырмен, құлыппен немесе басқа да арнайы құрылғылармен қоршауға және жеке меншік ретінде пайдалануға тыйым салынады. Жаңа талап бойынша, ортақ пайдаланылатын аумаққа көлік қоюды шектейтін кез келген конструкцияны орнатуға жол берілмейді. 

Пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері мұндай талаптардың бұған дейін де болғанын, алайда іс жүзінде толық орындалмағанын айтқан. Олардың сөзінше, кейбір тұрғындар әлі күнге дейін автотұрақ орындарын өз бетімен қоршап, басқа жүргізушілердің көлік қоюына кедергі келтіріп келеді. Жаңа ереже аулада көлік қоятын орын таппай жүрген тұрғындардың қолдауына ие болды. Олар заңсыз орнатылған бөгеттердің тезірек алынып тасталуын күтетінін жеткізген. Енді ортақ пайдаланылатын жерді өз бетінше иеленіп, автотұрақ орнын заңсыз қоршаған азаматтарға 324 375 теңге көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар заңсыз орнатылған кедергілер мәжбүрлі түрде бұзылып, алынып тасталады.