ШҚО-да қылмыстық топ мемлекетке 10,8 миллиард теңгеге зиян келтірген

355

Шығыс Қазақстан облысында жалған шот-фактура көшірмесін дайындаған қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тергеу барысында 6 адамнан құрылған топ 2014 жылдан 2018 жылға дейін облыс аумағында заңсыз қызмет еткен 30 компания құрғаны анықталды. Фирмаларда жұмысшылар штаты, жеке мүлік пен қоймалар, өндірістік-техникалық база болмаған және тіркелген мекен-жайда орналаспаған", - делінген хабарламада.
Басшылардың ешқайсысы қаржылық істермен шұғылданбаған. Фирмалардың бухгалтерлік және салық есебі мүлде болмаған. 
"Кәсіпорындар салық төлемеу үшін "Рич Ресурс" ЖШС, "Тумар ВКО" ЖШС, "Вос-Торг 1" ЖШС арнап заңсыз шот-фактура, жүкқұжат, келісімшарт жасаған. Мемлекетке келген зиян мөлшері 10,8 миллиард теңгеге тең", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сот шешімі бойынша топ мүшелері Зәкір Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Әнуаров, Арман Маданов әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.