Қазақстанда 40 миллиард теңгеге аквапарк салынады

1 381

Фото: pixabay.comАлматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында 40 миллиард теңгеге аквапарк салынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Марат Сұлтанғазиев аймақта жүзеге асырылатын туристік жобалар жайында айтқан. Солардың ішінде Қонаевта салынатын аквапарк жобасы да бар екен. 


“Аквапарк – жеке инвестордың жобасы. Оның ішінде тек аквапарк емес, қонақ үй салу мен жағажайды ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қазіргі таңда жағажай төңірегіндегі, инвестициялық тартымды жерлерге инвестор тартуға тырысып жатырмыз. Ал бюджет қаражатын ауылдарды жарық және сумен қамтуға жұмсап жатырмыз. Аквапарк Қонаевта бой көтереді”, – деді Сұлтанғазиев. 

Сондай-ақ Қара каньонда 1,5 миллиард теңге аспалы көпір салынады. Ал Ой-Қарағай шипажайын кеңейту үшін 58 миллиард теңге жұмсалады екен. Бұдан бөлек “Дабл Три бай Хилтон” қонақүйінің құрылысына 77,5 миллиард теңге қарастырылған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.