Семейде аюлар ұйықтай алмай жүр

335
Семейдегі балалар биологиялық орталығында аюлар ұйықтай алмай жүр. Зоологтар бұған қыстың тым жылы болуы себеп болғанын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы  ШЫҒЫС NEWS  арнасында жарияланды.

«Өңірде әлі ұзаққа созылған аяз болған жоқ және қар жауған жоқ. Бұл аюларды ұйқысыздыққа ұшыратты. Қызметкерлер қонжықтар – Зита мен Боряны күнделікті тамақтандырады. Олардың рационында ботқа, ет және көкөніс бар», - деп жазылған арна.

Биологтар Зитаның жыл сайын дерлік қарашаның соңында қысқы ұйқыға кетіп, ақпанның басында оянатынын атап өтті. Биылғы қыста олар әлі ұйықтай ала ма, әлде ұйықтай алмай ма – белгісіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.