Қызылордада ірі көлемде ақбөкен мүйізін сатпақ болған ер адам ұсталды

157

Қызылорда облысында аса ірі көлемде ақбөкен мүйізін сату кезінде ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Қызылорда облысының тұрғынын көне бөкеннің мүйізін сатпақ болған жерінде құрықталған.


"Ақбөкен дериватын ірі көлемде сату кезінде Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны ұсталды. Барлығы 100 келіден астам ақбөкен мүйізі алынды", - делінген ҰҚК хабарламасында.


"Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен немесе олардың дериваттарымен аса ірі залал келтіретіндей заңсыз айналысу" бабы бойынша (ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі) тергеу басталып, күдікті қамауға алынды.