Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде жазғы оқу кезеңіне дайындық басталды

218
Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде оқу-материалдық базаны жаңарту, техникалар мен қару жарақтарды жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру бойынша жұмыстар басталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазіргі уақытта Қарулы күштерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмалары орындалып жатыр.


Әскери техника мен қару-жарақты жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстары жеке құрамға қауіпсіздік шаралары ережелерін, қызмет көрсету тәртібі түсіндіруден басталды. Әскери қызметшілерге техникалық жұмыстар басталар алдында әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізілді.


– "Жоспарға сай өтетін жазғы кезеңге ауыстыру жұмыстары маңдызды шара. Ауысым жұмыстары барысында техникалар толықтай тексеріліп, анықталған ақаулары қалпына келтіріледі. Әскери техникаларды жақсы жағдайда ұстау әрбір әскери қызметшінің міндеті", – дейді әскери бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Рахымжан Әнуаров.
Ауа мен отын сүзгілерін, техникалық бұйымдарды, жанар-жағар майлардың қысқы сорттарын жазғы түріне ауыстыру сияқты шаралары кезінде негізгі жүктеме механик-жүргізушілерге, барлық командирлер мен техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлардың иығына түседі.
 
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант  Мұхит Қонаров