Әскерде сарбаз намаз оқи ала ма? Қорғаныс министрлігі жауап берді
Асқар Мұстабеков әскери бөлімдерде мұндай мүмкіндік қарастырылмағанына тоқталып, сарбаздардың тек бекітілген ережеге бағынатынын кесіп айтқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, Қарулы күштер қатарында діни сенім мен әскери қызмет бірге қарастырылмайды, деп мәлімдеді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеген.
Министр орынбасары заң бойынша діни сеніміне байланысты әскери қызметтен бас тарту нормасы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, егер ондай ереже болса, кез келген адам діни ұстанымын желеу етіп, Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарар еді.
Журналистер Қорғаныс министрінің орынбасарынан "Әскерге келген сарбаздардың діни ғибадат жоралғыларын жасауына рұқсат беріле ме?"- деп сұрады. Спикер әскери бөлімдерде мұндай мүмкіндік қарастырылмағанына тоқталып, сарбаздардың тек бекітілген ережеге бағынатынын кесіп айтқан.







