Жаңақорғанда төрт түліктің саны артуда
Жаңақорған ауданында мал шаруашылығын дамытуға жасалынған қолдаулардың нәтижесінде төрт түлік мал басы өсіп, өнім өндіру тұрақты ұлғаюда, дейді аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 409,7 мың бас МІҚ, 819,5 мың бас қой мен ешкі, 213,4 мың бас жылқы, 61,5 мың бас түйе және 119,3 мың бас құс өсірілуде. Оның ішінде біздің ауданға тиесілісі, 25 297 жылқы, 1790 түйе, 67 421 сиыр және 266 191 қой мен ешкі басы бар. Яғни, соңғы жылдарда инвестиция мен субсидияның көлемі артуы мен шаруақожалықтардың саны артуынан бағамдауға болады. Осы мақсатта, ауданда мал шаруашылығын асылдандыру ісінің тынысы кеңейіп, төрт түліктің саны едәуір артып отыр. Шаруалар мал басын асылдандыру ісін қолға алып, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде ауданда мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде.
Ата дәстүрді жалғастырып, мал шаруашылығын отбасылық кәсіпке айналдырып, табысын еселеп отырған жерлестеріміз көп-ақ. Оның ішінде мал басын асылдандырып, халықтың сұранысын қанағаттандырып жүрген шаруалардың ісі құрметтеуге лайық. Бұл бағытта еңбектенумен бірге іздену де өз алдына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бұл туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің орынбасары Бақыт Жексенбаев:
«Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Шаруақожалық иелері мемлекеттен қолдау алғалы бері асылдандыру бағыты жедел дамып, шаруақожалықтың іргесі кеңіп, табысы ұлғаюда. Әрбір қожалықтағы асылтұқымды малдардың жай-күйі жіті бақылауда. Жем-шөбінің қоры мен өсім деңгейі есепке алынуда. Ауылда ветеринария мамандары, көп шаруашылық иелерінің жеке мамандары бар», – деді Бақыт Айтөреұлы.
Сондай-ақ, асылтұқымды малды қалай баптау керек? Оның күтімі қандай? Осы шаралар төңірегінде республикалық конференциялар өткізіліп, онда елге белгілі профессорлар дәріс өткізіп, пікір алмасып кәсіп көкжиегін кеңейте түскен. Мұны осы салаға бетбұрған кәсіпкерлердің қадамынан аңғардық. Ауданда асыл тұқымды малдың үлес салмағы мүйізді ірі қара 4,5 пайызы, уақ мал қойдың 43,0 пайызы асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарлары өсірілуде. Оның ішінде, мүйізді ірі қараның ет бағытында өрбіптіп отырған шаруақожалықтар жетерлік. Мәслең, «Бақытжан» шаруақожалығында «Қазақтың ақбасы» атты сиыр тұқымы бар. «Қалмақ» породалық сиыры «Заман-Ата», «БекарысАгрофуд», «Ерлан» және «БарысАгро» шаруақожалық пен «Есимова» дара кәсіпкерлігінің негізгі бизнесіне айналды. Ал, «Әулиекөл» тұқымы «Жерказына» шаруақожалығында бапталса, американдық «Сантагертруда» парода-сы «Агротехналогия» ЖШС-нің тұрақты табысы. Сондай-ақ, сүт бағытында «Әулиеата» мен «Қара-ала» сиырлары «Мырзабай», «Мырзалы» және «Абай» шаруақожалық бақташыларының күтімінде. Қойдың «Қаракөл» төлі «Ынтымақ» ЖШС, «Тұртан-Ата», «Бакытжан», «Шайык» шаруақожалығында көбейтілуде. Соңғы уақытта атакәсіпке де мән беріліп, дәстүрлі қазақ қойының сортарына қолдау берілуде. Осы ретте, «Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын» «ЖанакорганАгросервис» ЖШС, «Көбелдес» шаруақожалығы өсіруді қолға алды.
Жылқының «Жабы», «Мұғалжар», «Көшім» тұқымын көбейтіп, жылқы еті мен сүтін қатар өндіруді мақсат еткен «Бақытжан», «Бекарыс-С» шаруақожалық табысты еңбек ете бастады.Осындай, тыңғылықты тіршіліктің арқасында ауданның мал шаруашылығы облыста көш бастап тұр. Деседе, базарда ет бағысы да, сүт бағасы да тұрақты емес. Әсіресе, кешегі карантин уақытында елдің аңсары ауған табиғи өнімдерге алып-сатарлар алуан баға ұсынуы халықтың шамына тигені рас. Осындай келеңсіздіке жол бермеу үшін Үкімет отырысында «ауылшаруашылығы өнімдерін шетелге сатуға және мүйізді ірі қаралардың аналығын сатуға шектеу қойылды. Мұның астарында, халық толықтай табиғи өнімді тұтынып, шетелден келген «арзан әрі беймәлім» ет пен сүттен алшақ болсын деген ізгі ниет жатқаны шындық.
Сонымен қатар, «Бекарыс ауыл шаруашылығы жолы» серіктестігінің төрағасы Серік Мырзабаев:
«Бала жастан қозы бағып, мал шаруашылығының қыр-сырын үйрен¬дім. «Жүйрік тұлпарым» болса деп армандайтынмын. Міне, бүгінде сол армандағыдай 600-700 бас жылқы баптап, оның ырзығын айырып отырмын. Тәубе, еңбегім еш кетпей, ел қатарлы күн көріп келеміз», – дейді кәсіпкер.
Серік Мырзабаевтың иелігінде 600-ден аса жылқы, 700-ге тарта сиыр, мыңнан аса қой, жүзге жуық түйе бар. Оның жыл бойы күтімі мен қажетті жем-шөбі, кірісі мен шығысын есептеу секілді шаруалар да жауапкершілік пен іскерлікті талап ететіні сөзсіз. Аудандағы ірі шаруақожалық «Бекарыс ауыл шаруашылығы жолы» серіктестігіне айран-сүт, қымыз-қымыран, құрт пен ірімшік сұраушылар қарасы толастаған емес.
«Ел басына күн туған сәтте қаншама науқас жандардың отбасына жәрдем көрсетіп, ауыл тұрғындарын қолдап, көпшілікке саумалын тегін үлестірді. Мұны нағыз елге жанашырлық дер едім. Ел ақшасына саумал таба алмай тұрған уақытта науқастарға саумал үлестіріп, қайырымды жан екенін байқатты, – деді Тұрысынай Жарқынқызы.Осы іспетті қайырымдылық керуенін жалғастырғандар көп болды. Осыдай шаруашылықты қалай бастауға болады? Биылғы жылы осы бағытта қандай мемлекетттік көмек бар? Бұл туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі жағымды жағалығымен бөліскен еді.
– Биылғы жылы мал басын асылдандыру бағытында ерекше ережемен өрбуде. Бұрындары тек еркек малға ғана субсидия берілсе, биылғы талапта шет елден мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу жоспары түзілді. Яғни, асыл тұқымды аналыққа мемлекеттік субсидия берілудің мүмкіндіктері қарастырылған», – деді ауылшаруашылығы бөлімінің орынбасыры Бақыт Айтөреұлы.
Сонымен, жыл басынан бері шет елден 208 бас асыл тұқымды «қалмақ» қашарлары сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламасының игілігін көрген «Парадин» шаруақожалық 128 бас, 70,0 млн.теңге және ДК «Ерасыл» 80 бас, 45,0 млн.теңге қаражат көлемінде қолдау алып, кәсібін кеңейтті.
Айта кетерлігі, 2023 жылғы индикативтік жоспардың орындалуына келер болсақ, бұқашықтарды 1000 бастан басталатын бордақылау алаңына өткізу жоспары 2000 бас болса (жоба), бүгінгі күнде 1334 бас бұқашық өткізіп отыр. Бұл да болса, мал шаруашылығымен айналысып отырған жандарға үлкен көмегін тигізбек.Оған қоса, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандарды қолдау мақсатында арнайы өңірлік инвестициялық орталықтың мамандары тұрғындарға кәсіп игерудің қыр-сырын түсіндіреді. Мүлікті қалай кепілге қою керектігін, несие алудың алғышарттарын, кәсіпті заңдастырудың мәселерін үйретеді. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлерді қолдаудың жылға арналған бағдарламаның» аясында атқарылады.
Яғни, екі аттап, биге шығудың тамаша тәсілін игерген жаңақорғандық жерлестер игі мақсаттарына жетуде. «Тәуекел – істің жартысы» дегендей кейбір тәуекелдігі жетпей жүрген жастардың жігеріне қамшы басып, атакәсіптің игілігін көруге талпындырғымыз келеді.Жаңақорған ауданы әкімдігінің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі – аграрлық секторды аудан экономикасының драйверіне айналдырып, мал және егін шаруашылығын дамыта отырып, жергілікті тұрғындарды отандық өніммен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен мұраттас жобаны жүзеге асыруда ауданның географиялық тұрғыда ыңғайлы орналасуы басымдық береді. Оның үстіне, атакәсіпті нәсіп еткен жаңақорғандықтар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мән бере бастады. Сондықтан, ІV Малшылар слеті аясында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» тақырыбында пікірлермен бөлісіп, тәжірибе алмасамыз.
Азық-түлік қауіпсіздігі қай елдің болмасын тəуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының əл-ауқатының артуының кепілі болып табылады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыcтар атқарылуда.
Мемлекет басшысы 2012 жылы жарияланған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамыту алдағы кездегі басты бағыттардың бірі екенін атаса, 2017 жылы жолданған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында саланы дамытудың нақты бағыт-бағдарын көрсетті. Яғни, сүтті, етті мал шаруашылығын дамытып, экспортты арттыру міндеттелді. Мұны сапалы орындаудың негізгі алғышарттарының бірі – мал тұқымын асылдандыру болып табылады.
Бүгінде Нидерланд, Германия, Норвегия, Австралия, Канада, Бразилия тəрізді елдер мал басын асылдандырып, халықаралық ветеринария ұйымының алдында бедел жинап үлгергелі қашан?! Қазақстан да малды асылдандыруға басымдық беріп, шетелдік бұқаларды алдыра бастады. Қазіргі таңда төрт түлік малдан асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтар қалыптаса бастады.
Жаңақорған ауданында мүйізді ірі қараны асылдандыратын жеті, қой бағытында он және асыл тұқымды жылқыны көбейтетін екі шаруашылық жұмыс жасауда. Атап айтқанда, «Заман-ата» шаруа қожалығы мен «БекарысАгрофуд» ЖШС «Қалмақ» тұқымды ірі қараны, «Orda-Агротехнология» ЖШС «Санта-Гертруда» тұқымын, «Жер қазына» ЖШС «Әулиекөл» тұқымын, «Бақытжан» шаруа қожалығы «Ақбас» және «Абердин-ангус» тұқымының санын арттыруда. Мүйізді ірі қараның сүт бағыты бойынша асыл тұқымды репродуктор шаруашылық ретінде «Мырзабай» және «Мырзалы» шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Олар «Әулиеата» тұқымы бойынша асыл тұқымды өнім өндіруде.
Асыл тұқымды қой шаруашылығы бойынша «Ынтымақ» ЖШС, «Тұртан-ата», «Ақсеңгір», «Шайық», «Ақжол», «Бақытжан», «Бесарық» шаруа қожалығы «Қаракөл» қойын өсіруде. Ал, «Көбелдес» пен «Жан» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойымен» айналысады.
«Бақытжан» шаруа қожалығы жылқының «Жабы», «Мұғалжар», «Көшім» тұқымын, «БекарысАгрофуд» ЖШС «Жабы» асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамытып келеді.Содай-ақ, Келінтөбе ауылдық округіндегі «Orda-агротехнология» ЖШС «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп жұмыс жасауда. Серіктестік 150 бас ет бағытындағы «Санта-Гертруда» асыл тұқымды қашарлар алып, асыл тұқымды репродуктор шаруашылық құрылып, жұмыс жасауда. Қыркеңсе ауылындағы «БекарысАгрофуд» ЖШС «Қалмақ» асыл тұқымды қашарлар алып, асыл тұқымды репродуктор шаруашылық құрды.
Жалпы, соңғы жылдары мал басын асылдандыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Дегенмен, ғалымдар мен генетиктер малды асылдандыруда қолдан ұрықтандырудың артықшылығын айтуда. Яғни, асыл тұқымды малдың өзін алғаннан эмбриондарын алу арзан əрі өте тиімді. Себебі, аналық қойдың жатырына көптеп салу арқылы егіздетіп төл алуға мүмкіндік бар. Екіншіден, егер бұл тəсілді тереңінен жетілдіре алсақ, уақыт өте келе қойды клондау əдісін де меңгеруге мүмкіндік туады. Үшіншіден, бұл əдіс арқылы ғылымның əлеуетін көтеруге де болады. Алдағы уақытта малды асылдандыруда қолдан ұрықтандыруды басшылыққа алуға мән беру қажет-ақ.
Ауыл шаруашылығы саласының бəсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін біз тұрақты түрде жаңа инновациялық технологияларды ендіріп отыруымыз керек.Әрине, сапа саннан туады. Сондықтан, Сыр өңіріндегі төрт түліктің басым бөлігі Жаңақорған ауданында деп мақтанышпен айтуға болады. Мәселен, облыстағы сиырдың 20 пайызы, қой мен ешкінің 35 пайызы, жылқының 12,5 пайызы біздің ауданда. Малдың басы бұл ең берекелі 1993 жылдан екі есе өсті. Соңғы бес жылды сараласақ, (2013-2017 жылмен салыстырғанда) мүйізді ірі қара саны 20301 басқа, қой мен ешкі 34920 басқа, жылқы 5582 басқа артты. Мұндай табысқа жетуде шаруалар мемлекеттің қолдауын сезінді. Соңғы бес жылда (2013-2017 жыл) Жаңақорған ауданы бойынша мал шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан 2 814 695,8 мың теңге субсидия берілді. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғарылады. Меншік қаражаты есебінен 18,9 миллард теңгені құрады.
Расында, ауыл шаруашылығы саласын дамытудың тиімді тетігі өндірістік кооперативтерге бірігу. Бұл бағытта да ауданда тыңдырымды тірлік бар. «Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері» туралы заңының аясында, ауданда 2016-2017 жылы егін егумен және мал шаруашылығымен айналысатын 47 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, оған 733 адам бірікті.
Бүгінде 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі толық қанды жұмыс жасайды. Оның алтауы ет өндіру бағытында отбасылық мал бордақылау бойынша, біреуі мал шаруашылығы сүт өндіру бағытында, екеуі тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандырумен айналысады.
Үкіметтің «50 ауыл жобасы» бағдарламасын қолдау бағытында Қожакент пилоттық ауыл болып белгіленген. Онда «Миялы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 12 шаруа қожалық пен 41 жеке тұлға мүше болып бірікті. Бүгінде отбасылық мал бордақылау алаңдарында мүйізді ірі қара мен жылқының қондылығын арттырып, нарыққа шығарып отыр.
Өнімді терең өндеу мақсатында «Миялы» кооперативі модульді мал сою пунктін, «Ақбұлақ-Б» мен «Бесарық-Бірлестігі» кооперативі сүт қабылдау пунктін құрды. Сонымен қатар, «Ақбұлақ-Б» кооперативі сүт таситын рефрижератор газел көлігі мен кіші құрама жем зауыты орнатылды.
Биыл нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының аясында облыстық пилоттық жобасы бойынша ауданда үйрек шаруашылығын дамыту қолға алынып отыр. Аталған үйрек шаруашылығы табиғаты таулы, жері сулы Ақүйік ауылдық оуругіндегі «Қаратау-Ақүйік» кооперативінің мүшелері арқылы дамытылады. Қорыта айтқанда, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, оларды ішкі нарық қана емес, сыртқы нарыққа да шығару – бүгінгі заман талабы. Бұл ретте өнімділікті арттыруға және өнім сапасын жақсартуға оң әсер ететін негізгі факторлар қатарында селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу маңызды.