Назарбаев қанды қаңтар оқиғасына кім кінәлі екенін айтты
1 619
Нұрсұлтан Назарбаевтың “Менің өмірім” кітабы әлі сатылымға шыққан жоқ. Назарбаев кітабында қанды қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Экс-президент өзінің естелігінде Қанды қаңтар оқиғасына барлық кінә мен жауапкершілікті төңкеріс дайындаған "радикал оппозицияға" жүктейді.
“Мемлекеттік төңкеріске дайындық 2021 жыл бойы жүргізілгені белгілі болды. Бас Прокурор депутаттар алдында сөйлеген сөзінде: «2021 жыл бойы қылмыскерлерді радикалды шараларды қабылдауға жасырын түрде үйреткенін ғана айта аламын, қылмыскерлердің арасынан қылмыстық топтар ұйымдастырылды. Олар адамдарды жалдап, қаруландырды, рация, телефон, көлік сатып алды. Тергеу барысында «бұл диверсиялық жұмысты жеке қауіпсіздік қызметкерлері қадағалағаны» анықталды. Оның бұлтартпас дәлелі – 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының жазбаша бұйрығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда облыстық департаменттері ғимараттарын жеке құрамның қараусыз қалдыруы.
Радикалды оппозицияның шынайы бет-бейнесі 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғасы кезінде ақыры ашылды. Наразылық акциясының басынан Әблязов наразылық білдірушілерді «әрекеттерді үйлестіруге» шақыратын ұрандар көтерді. Facebook желісі арқылы наразылық білдірушілерге жолдауда украиндық операторлардың коды көрсетілген. Белгілі болғандай, Әбілязовтың алдын ала құрылған штабы Киевте орналасқан. Қан төгіске қатысы барын ашық айтады. Ол мақтанышпен, ризалықпен сөйлейді. Ол халықтың қиналуын өзінің саясаттағы жеңісі деп қабылдайды”,-деді.

Ол радикал оппозиция туралы тағы мына пікірді қоса жазған:
"Көшеге шыққан шерушілерді билікті күшпен басып алуға, әкімдіктерге, полиция бөлімдеріне, әскери бөлімдерге, қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларына шабуыл жасауға, ғимараттарды өртеп жіберуге, қаланы тонауға, телестудияларды қиратуға, үйді басып алуға шақыруға ешбір оппозицияның құқығы жоқ. Мұның аты – бандитизм мен терроризм. Терроризмді қолдау – қылмыс. Мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс. Тек Қазақстанның жаулары ғана туған еліне – Отанына осылай опасыздық жасап, халықты осылай айдап салуы мүмкін. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың парламенттік тыңдауларды қорытындылау кезінде айтқан сөзімен толық келісемін: “Тәртіпсіздікті тудырғандардың басты мақсаты – халық арасында үрей тудыру болды. Қоғамды әбігерге салып, Президентті қызметінен кетуге мәжбүр етеді”,-деді.
Назарбаев кітабында Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси шешімдерін қолдап, оң бағалаған.