100 миллион теңге: Алматыда бір шабадан алтын бұйымдар табылды

463

Алматы полицейлері "барахолкада" ұрланған бір шабадан алтынды тауып алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Фото: polisia.kz

Ресми мәліметке сәйкес, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс бұйымдары сатылатын сегіз бірдей сауда орны тоналды. Ұры 100 миллион теңгенің әшекейін шабаданға салып, алып кеткен. Қылмыс бейнебақылау камерасына жазылып қалған.


"Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Бұл – 35 жастағы А. есімді азамат. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.



Ол ұрланған алтын бұйымдарды қала шетіндегі иен далаға жасырған. Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы ретінде "қамауға алу" санкцияланды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.