АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Бұқарбай батыр ауылына келді
️АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың аумақтарға сапары жалғасуда. Бүгін Бқарбай батыр ауылына Штаб мүшелері Қ.Дәулетова,Б.Шілдебаев, С.Оспанова ,Ж.Әбсаттарұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. АЭС құрылысына қатысты 6 қазанға белгіленген референдум Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Жиында Қ.Дәулетова АЭС құрылысы елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін, электр энергиясының тапшылығын шешетін және энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі болатын серпінді жоба екенін атап өтті.
Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі С.Оспанова еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Ол халық санының жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, энергетикалық ресурстарға деген сұраныстың да өсіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын еске салып, егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. Бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынамын деді.
Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.